ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚЫТАЙ ТЕМІР ЖОЛДАРЫНЫҢ ТҮЙІСУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52536/2788-5909.2021-4.04Кілт сөздер:
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, теміржолдар, Ауғанстан, ОрталықАзия,, Трансафган дәлізіАңдатпа
Мақалада Талибан режимін ескере отырып, Орталық Азиямен Ауғанстан арқылы Қытай теміржол желілері маршруттарының қазіргі жағдайымен болашақ сценарийі қарастырылған. Қазіргі таңда әлемдік геосаяси ойыншылар жандандыруға тырысып жатқан Орталық Азия ежелгі ғасырлардан сауда жолдарының түйіскен орталығы болып келеді. Осыдан оншақты жыл бұрын ғана тарих оқулықтарының беттерінде өмір сүрген Жібек жолы тұжырымдамасы газеттердің бірінші жолақтарында, талдамалық зерттеулерде және Орталық Азия мемлекеттерінің даму стратегияларында нық орнықты. Алайда уақыт өзгерді және Орталық Азия елдері теңіздерге шығу үшін бар күшін салуда. Бұл процесте теміржолдар өте маңызды. Теміржол саудасы теңізге шыға алмайтын Орталық Азия мемлекеттері үшін өте маңызды және өз кезегінде олардың арасында жобаға инвестиция салу туралы Бейжіңмен келіссөздер үшін жоғары бәсекелестік бар. Сонымен қатар, Қытай мен Өзбекстанның Талибан әкімшілігімен келіссөздер жүргізу арқылы Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Иранға теміржолды ұзарту мәселесін шешуге мүмкіндігі бар.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2021 Journal of Central Asian Studies
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.