ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚӨШІ-ҚОНЫ: САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ

Авторлар


  • Бибіназ Әлманова Автор
  • Лейла Деловарова Автор
  • Сергей Рязанцев Автор

DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2022-3.04

Кілт сөздер:

жастардыңбілім көші-қоны, білім көші-қонының себеп және факторлары,, сараптамалық сұхбат, , білім және ғылым,, әлеуметтік-экономикалық және саяси ықпал, студенттік бірлестік.

Аңдатпа

Жаһандық өзгерістер жағдайында жастардың жоғары білімді шетелде игеруі трендке айналуда. Қазіргі таңда жастар қазақ университеттерінің қабырғасында ғана емес, шетелде де білім алудың маңыздылығын алға тартуда. Қазақстан жастарының көші-қонының негізгі арналары «білім және еңбек көші-қоны» болып табылады. Бір қарағанда, білім және еңбек көші-қоны «уақытша» көші-қон арналары болып көрінеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл білім және еңбек көші-қоны, кейіннен қазақ жастарының тұрақты тұруға кету арналарына айналады. Әдетте, университеттер мен колледждерде оқу бірнеше жыл. Сонымен қатар, оқу немесе жұмыс кезінде эмигрант жергілікті мәдениетпен танысады, тіл үйретеді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде орын алған өзгерістер білім алу үдерісін өзектендіреді. Мемлекетіміздің қатаң бәсекелестік жағдайында білім беру қызметтерінің халықаралық нарығында білім көші-қонын реттеу маңызды. Мақалада қазақ жастарының Ресейге білім көші-қонының негізгі себептері, білім эмигранттарының екі елдің білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларындағы ықпалы зерттеледі. Мақалада сараптамалық сауалнама деректері ұсынылған. Оқу бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарындағы мигранттардың рөлін сипаттайтын әртүрлі параметрлердегі сараптамалық сұхбат әдісі қолданылды. Сауалнамаға білім көші-қоны бойынша жұмыс істейтін және оны зерттеумен айналысатын 4 сарапшы қатысты. Сараптамалық сұхбат негізінде Қазақстаннан Ресейге жастардың білім көші-қонын жүзеге асырушы басты себептері мен әсер етуші факторлары талданады және білім алушылардың екі қоғамның дамуына қатысты болжам жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-29

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері