ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ [ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ] ЭКСТРЕМИЗМІНІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ШЕКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52536/2788-5909.2022-1.03Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық экстремизмі нарративтер, зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу нарративтер Орталық Азия Қазақстан Қырғызстан Тәжікстан ӨзбекстанАңдатпа
Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу және оған қарсы тұру (P/CVE) саласында қоғамдағы алауыздықты арттыратын және тиісті ұйымдарға жаңа жақтастарды тартуға көмектесетін хабарламаларды жою, сондай-ақ біріктіруге және экстремистік насихаттан идеологиялық қорғауды қамтамасыз етуге арналған біртұтас нарративтерді әзірлеу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибені зерделеу «идеологиялық өрістің» жекелеген құралдарының тиімділігіне күмән келтіргенімен, соңғы онжылдықта қалыптасқан Орталық Азия мемлекеттеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу нарративтерінің базасын зерттеудің мәні бар. Бұл мақалада аймақ елдері үкіметтерінің осы бағыттағы қызметін айқындайтын негізгі құжаттарды зерделеу негізінде басты нарративтерге тоқталды. Елдерге тән тәсілдердің салыстырмалы талдауы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу нарративтерін қалыптастыру саясатын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.