Орталық Азияда тұрақтылықты нығайту: Еуропалық Одақтың рөлі

Авторлар


DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2023-2.05

Кілт сөздер:

Орталық Азия, Еуропалық Одақ, тұрақтылық, нормативті күш, стратегия, демократия

Аңдатпа

ЕО-ның Орталық Азияға қатысты саясатын зерделеу интеграциялық жобаның мәнін түсіну үшін маңызды. Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне қатысты жүзеге асырып жатқан бағдарламалары оның халықаралық аренадағы әлеуетін дамыту, «нормативтік күші» мен экономикалық қуатын саяси ықпалға айналдыру мүмкіндігі тұрғысынан қызығушылық тудырады. Орталық Азия елдерінің ЕО-мен ынтымақтастығы өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Қазіргі уақытта ЕО-ның Орталық Азиядағы ұстанымдарын нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Еуроодақ Орталық Азияның  ережелер мен өзара тәуелділікке негізделген тұрақтылық аймағына айналдыруда сенімді әріптес ретінде болуға тырысуда. 2019 жылғы жаңа Стратегияға сәйкес, Еуроодақтың басты мақсаты аймақ мемлекеттерінің икемділігін нығайтуда  олармен білім алмасумен (оқыту, мониторинг, тәлімгерлік және кеңес беру) және қаржылық көмек берумен айқындалады. Тұрақтылық – бұл стратегияның басты идеясы болып табылады. ЕО саясаты Орталық Азия мемлекеттерін өзінің көзқарасы мен мүдделеріне сәйкес өзгертуге бағытталған. ЕО бұл түпкілікті мақсатты Орталық Азияның демократиялық және экономикалық дамуымен байланыстырады және бұл ЕО сыртқы саясатының нормативтік құрауышы әлі де шешуші рөл атқаратынын айқындайды. Түрлі форматтар аясында жүзеге асырылатын мұндай көзқарас әрқашан өз мақсатына жете бермейді және ұлттық элитаның қарсылығына тап болуда.

Автор өмірбаяндары

  • Әсия Күзембаева, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

    Тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Қазақстан)

  • Гүлнар Байкушикова, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

    PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Қазақстан)

  • Ермек Чукубаев, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

    Тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті (Қазақстан)

Әдебиеттер тізімі

Joint Communication on the EU and Central Asia: New opportunities for a stronger partnership // https://eeas.europa.eu/sites/eeas/files/joint_communication_-_the_eu_and_central_asia_-_new_opportunities _for_a_ stronger_partnership.pdf

A Global Strategy for the European Union’s Foreign And Security Policy. Shared Vision, Common Action: A Stronger Europe. June, 2016 // https://eeas.europa.eu/archives/docs/ top_stories/pdf/eugs _ review_web.pdf

Commission Communication. The EU's Relations with the Newly Independent States of Central Asia / - Bruxelles, 1995. - P.2

Council Meeting General Affairs and External Relations, Brussels, 18 July 2005. // https://ec.europa.eu/commission/presscorner/detail/en/PRES_05_178

Peyrouse S., Boonstra J., Laruelle M. Security and development approaches: the EU compared to China and Russia. // https://eucentralasia.eu/security-and-developmentin-central-asia-the-eu-compared-to-china-and-russia/#

Axyonova V. The EU-Central Asia Human Rights Dialogues: Making a Difference?// https://eucentralasia.eu/the-eu-central-asia-human-rights-dialogues-making-adifference/New EU Strategy for Central Asia: First reactions. // https://eucentralasia.eu/new-eustrategy-

for-central-asia-first-reactions/

Boonstra J., Tsertsvadze T. Axyonova V. Evaluation of the EU’s human rights policies and engagement in Central Asia// EUCAM. 2014. 42 p.

Политика ЕС в ЦА не выражена геополитически // http://sayasat.org/articles/2084-politika-es-v-ca-ne-vyrazhena-geopoliticheski

Council conclusions on the EU Strategy for Central Asia 2015 // https://www.consilium.europa.eu/en/press/press-releases/2015/06/22/fac-central-asia-conclusions/

Connecting Europe and Asia - Building blocks for an EU Strategy // http://eeas.europa.eu/headquarters/headquarters-homepage/50708/connecting-europe-and-asia-buildingblocks-eu-strategy_en.

Multiannual indicative programme regional Central Asia 2014-2020. // https://eeas.europa.eu/delegations/brazil/8269/regional-central-asia-multiannual-indicativeprogramme_nl

Belt and Road Initiative (BRI). // https://www.ebrd.com/what-we-do/belt-and-road/overview.html

Sharshenova A., Crawford G. Undermining Western democracy promotion in Central Asia: China’s countervailing influences, powers and impact. // Central Asian Survey. 2017. Vol. 36. №. 4. P.7-8.

Tian H. China’s Conditional Aid and Its Impact in Central Asia. // China’s Belt and Road Initiative and its impact in Central Asia. / Ed. Laruelle M. Washington, D.C.: The George Washington University, 2018. - P.22

Bossuyt F. The EU’s and China’s development assistance towards Central Asia: low versus contested impact. // Eurasian Geography and Economics. - 2018. - Vol. 59. - №5. - P. 624.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар