Қазақстандағы сараптамалық саяси дискурсты құндылықтық талдау: әлеуметтік желілердегі қоғамдық коммуникацияны спиральды динамика тәсілімен зерделеу

Авторлар


DOI:

https://doi.org/10.52536/3006-807X.2025-3.005

Кілт сөздер:

спиральды динамика, саяси дискурс, қМЕМдері, сараптамалық ойлау, Қазақстан, контент-талдау

Аңдатпа

Бұл мақала спиральды динамика (C. Graves, D. Beck, C. Cowan) теориясы тұрғысынан жетекші қазақстандық саяси сарапшылардың жария дискурсын жүйелі талдауға бағытталған. Саяси реформалар, қоғамдық сенімсіздіктің өсуі және институционалдық трансформациялар жағдайында Сараптамалық дискурс құндылық артикуляциясы арнасының рөлін атқарады. Зерттеудің мақсаты-қоғамдық сұхбаттарды, мақалаларды, баяндамаларды және әлеуметтік медиа басылымдарын талдау негізінде басым және көмекші құндылық мемдерін анықтау және түсіндіру. Әдістемелік тұрғыдан зерттеу қазақстандық сарапшылар Досым Сәтпаев, Санжар Бокаев, Андрей Чеботарев және Қарлығаш Еженованың 670 000-нан астам тікелей сөздерінің сапалық-сандық контент-талдауына негізделген. Зерттеу барысында деректер әзірленген матрицаға сәйкес кодталды және Cohen's Kappa бойынша сәйкестік көрсеткіші 0.84 болды, бұл сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Кодтау процесінде спиральды динамиканың сегіз деңгейлі моделі қолданылды, атап айтқанда ашық қоңыр, күлгін, қызыл, көк, қызғылт сары, жасыл, сары, көгілдір. Сондай-ақ, талдау барысында MAXQDA және Python бағдарламалық құралдары қолданылды. Зерттеу нәтижелері сарапшылардың көпшілік алдында айтқан сөздерінде тұрақты құндылық полифониясының барын көрсетті. Олардың дискурсында ең көп кездесетін құндылық деңгейлері: көк - институционалдық тәртіп пен есеп беру, қызғылт сары - рационалдылық, тиімділік, даму; жасыл - гуманизм, әлеуметтік әділеттілік және диалог. Сонымен қатар, әрбір сарапшының қМЕМ құрылымдары әртүрлі. Олар сарапшылардың индивидуалды аналитикалық стилдері мен когнитивті басымдылықтарын көрсететін бірегей конфигурацияларды құрайды.

Автор өмірбаяндары

  • Гүлнара Исмуханова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

    PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан

  • Мөлдір Ақмади, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан

    PhD, доцент м. а., әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан

Әдебиеттер тізімі

Beck, D. E., & Cowan, C. C. (1996). Spiral dynamics: Mastering values, leadership, and change. Blackwell Publishing.

Berelson, B. (1952). Content analysis in communication research. Free Press.

Butters, A. M. (2015). A brief history of Spiral Dynamics. Approaching Religion, 5(2), 67–78. DOI: 10.30664/ar.67574

Cowan, C. C., & Todorovic, N. (2000). Spiral dynamics: The layers of human values in strategy. Strategy & Leadership, 28(1), 4–12. DOI: 10.1108/10878570010335912

Donkers, H. (2014). Living societal systems: Meaning and multiple values for quality of life. International Journal of Applied Science and Technology, 4(3), 137.

Donkers, H. (2016). Integral dynamics: A new integration between Wilber’s integral theory and spiral dynamics. International Journal of Humanities and Social Science, 6(9), 6–14.

Fairclough, N. (2013). Critical discourse analysis: The critical study of language (2nd ed.). Routledge.

Graves, C. W. (1974). Human nature prepares for a momentous leap. The futurist, 8(2), 72-87.

Kotzé, I. K. (2009). Spiral dynamics: An expression of world views (Doctoral dissertation, University of Pretoria).

Krippendorff, K. (2004). Content analysis: An introduction to its methodology (2nd ed.). Sage Publications.

Neuendorf, K. A. (2017). The content analysis guidebook (2nd ed.). Sage.

Pesut, D. J. (2001). Spiral dynamics: Leadership insights. Nursing Outlook, 49(2), 70–71. https://doi.org/10.1067/mno.2001.114875

Pierre, J. C. (2014). Analyzing contemporary China worldviews through Clare Graves’s ECLET theory and Spiral Dynamics model [Unpublished manuscript].

Rodic, D. (2016). Spiral Dynamics as value system and competitive advantage of an organization. E-recruitment: the use of contemporary technologies for managing talents 689, 725.

Rosado, C. (2004). Building Your Leadership Team: Value Systems, Memetics, and Education—A Spiral Dynamics Approach. Rosado Consulting for Change in Human Systems.

Trem, K. (2021). The role of Spiral Dynamics in creating sustainable, values-based organisations [Literature Review, working Paper]. Leeds Business School.

Wilber, K. (2000). A theory of everything: An integral vision for business, politics, science, and spirituality. Shambhala Publications.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Түпнұсқа мақалалар