ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ АЙМАҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ДАМУЫ

Авторлар

  • Mukhit Assanbayev Автор

DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2023-4.03

Кілт сөздер:

аймақаралық байланыс, энергетикалық және транзиттік-көліктік ынтымақтастық, инфрақұрылымдық жобалар, Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Ауғанстан.

Аңдатпа

Мақалада Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы аймақаралық байланысының даму перспективалары қарастырылып, олардың арасындағы энергетика және транзиттік-көліктік ынтымақтастық салаларында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен жобалар талданады. Жұмыста Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы аймақаралық байланысының жақын болашақта дамитын бағыттарына ерекше көңіл бөлінген.

Аймақтық байланысты дамыту идеясы екі аймақ үшін жаңалық емес. Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері мен халықтары Шығыс пен Батысты байланыстыратын Жібек жолының маңызды буыны бола отырып, тарихи тұрғыдан кең ауқымды сауда қатынастарына ие болған еді. Орта ғасырларда Орталық Азиядан Хиджазға зиярат етушілердің бір жолы Ауғанстан мен Оңтүстік Азия арқылы өтіп, екі аймақтың халықтары арасында белсенді көші-қон ағындары мен мәдени алмасулар орын алған еді.

Бүгінгі таңда Орталық және Оңтүстік Азияны біріктірудің басты шарты Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату болып табылады. Осы екі аймақтың басын қосатын Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуы көршілес елдердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп ғана қоймай, сондай-ақ Азияның осы бөлігіндегі жаһандық саясат бағытының оң динамикаға өзгеруіне  үлесін қоса алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері