ҚАЗАҚСТАНДА МӘДЕНИ ДИПЛОМАТИЯНЫҢ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

Авторлар

  • Aigerim Kozhanbergenova Автор
  • Aikerim Turuntayeva Автор
  • Rinat Baigondin Автор

DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2023-3.05

Кілт сөздер:

Мәдени дипломатия ТюрКСОЙ латын ғарпіне көшу Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Қазақстан халқы Ассамблеясы

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада Қазақстандағы мәдени дипломатияның кейбір даму тәжірибесі мен орын алып отырған мәселелері талданған. Қазақстан мемлекеті іске асырып отырған мәдени дипломатияның рөлі ашылып, кең талдау жасалған. Мәдени дипломатияның қазіргі таңдағы қолданыстағы анықтамалық негіздері, коннотациялары тізімделіп, негізгі теоретиктердің тұжырымдамалары қарастырылған.  Мәдени дипломатия ұғымының «қоғамдық дипломатия», «жұмсақ күш» деген ұғымыдарымен байланысы және ерекшеліктері анықталған.  Мақаланы жазу барысында мәдени дипломатия тақырыбына арналған еңбектер мен мақалалар зерттелген, дедуктивті анализ әдісі қолданылып, интернет кеңістігінде қолжетімді материалдар сараланған. Мемлекетаралық және мәдениетаралық байланыстардың отандық және шетелдік модельдерінің ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу қазақ қоғамының мүмкіндіктерін ұлттық сананы нығайтуда қолдануға әкеледі. Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде Қазақстанның халықаралық қатынастар аренасында жүзеге асырылып отырған мәдени дипломатиясының үлесі, орын алып отрыған мәселерге қарамастан зор екені белгіленген, ал даму жолдары бірыңғай емес.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-11-02

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері