Ашық қол жеткізу

Журналдың редакторлары жарияланымдардың ашық қол жетімділігі мен озық тәжірибелілігі бойынша соңғы ұсыныстарды ұстанады. Журналдың веб-сайты мен редакция ережелерін жаңарту үшін келесі құжат үнемі қолданылады:

Principles of Transparency and Best Practice in Scholarly Publishing (Version 4.0; September 15, 2022)

Журнал ашық қол жетімділік моделін пайдаланады. Авторлар мақаласын қарастыру немесе жариялау үшін ақы төлемейді. Барлық жарияланған мақалаларды оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға, басып шығаруға, іздеуге, сілтеме жасауға немесе баспагердің немесе авторлардың алдын ала рұқсатынсыз кез келген заңды мақсатта пайдалануға еркін қол жетімді.

Журнал келесі негізгі нұсқауларды ұстанады:

2016 жылы журнал өз веб-сайтында толық мәтінді мақалаларды жариялау арқылы толық ашық қолжетімділік моделіне көшті. Қолжетімділік пен ашықтықты арттыру, сондай-ақ зерттеулерге қол жеткізуді жеңілдету үшін журнал өзінің барлық мұрағаттық шығарылымдарын жалпыға қолжетімді етті.