ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: КЕҢЕЙТІЛГЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Авторлар


  • Мұрат Лаумулин Автор
  • Әсима Әубәкір Автор

DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2022-4.02

Кілт сөздер:

Еуропалық Одақ, ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы,, ынтымақтастық,, өзара байланыс, тұрақтылық үшін серіктестік, өркендеу үшін серіктестік,, еуропалық жасыл курс

Аңдатпа

Мақалада Еуропалық одақтың қазіргі кезеңдегі Орталық Азия аймағы үшін тұрақты және перспективалы серіктес ретіндегі рөлі қарастырылады. Халықаралық аренадағы жаһандық өзгерістерді, сондай-ақ аймақ елдерінің ЕО-мен қатынастарындағы басымдықтарын ескере отырып, 2019 жылғы маусымда қабылданған Еуроодақ пен Орталық Азия арасындағы қатынастардың жаңа стратегиясы осының дәлелі болып табылады. ЕО-ның Орталық Азия елдеріне қатысты жаңартылған саясаты оған қазіргі ынтымақтастықты нығайтуға және неғұрлым өнімді жобаларға назар аударуға, ең бастысы, өзара іс-қимылдың неғұрлым сапалы форматына шығу мақсатында өзара іс-қимылдың тәсілдері мен аспектілерін түрлендіруге мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл жұмыстың өзектілігі Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне қатысты саясатының негізгі бағыттары мен құралдарын жан-жақты зерттеу қажеттілігімен байланысты. Сонымен бірге жұмыстың басты міндеті - ЕО-ның Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясын іске асыру мүмкіншіліктері мен келешегін анықтау.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері