АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МҮМКІНДІКТЕР
DOI:
https://doi.org/10.52536/2788-5909.2022-1.05Кілт сөздер:
қауіпсіздік, азық-түлік, азық-түлік себеті, басқару, әлеуметтік әділеттілік, мемлекетАңдатпа
Осы мақала шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары қарастырылады. АҚШ, Канада және Ресей Федерациясы секілді елдердің үлгісі бойынша азық-түлік себеттерін қалыптастыру тетіктеріне оны қамтамасыз ету құралдарының бірі ретінде талдау жасалады. Авторлар проблеманың халықаралық аспектісін зерттей отырып, Қазақстан тәжірибесіне имплементация жасайды. Осы мақаланың зерттеу тақырыбын жаһандық контексте азық-түлік қауіпсіздігінің феномені ретінде анықтауға болады. Зерттелетін мәселелердің өзектілігіне сүйене отырып, халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы негізгі бизнес-процестерді қалыптастыруға жауапты басқару тетіктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің кепілді деңгейі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау арасындағы өзара байланыс дәлелденді. Қазақстан Республикасы аштық қаупіне тап болмайды, бірақ азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір проблемалар бар, атап айтқанда бірқатар стратегиялық маңызды азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелділік бар. Азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі халықаралық жағдайға және азық-түлік нарықтарының ағымдағы коньюктурасына сүйене отырып, азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне қалай әсер ететіні көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Journal of Central Asian Studies
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.