ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАР
DOI:
https://doi.org/10.52536/2788-5909.2022-1.04Кілт сөздер:
экономикалық қатынастар, Қазақстан, Өзбекстан, аймақ, Орталық Азия, стратегия, сыртқы саясатАңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Өбекстан арасындағы экономикалық байланыстың жаңа тәсілдері талқыланып, қазіргі кезеңдегі екіжақты экономикалық қатынастардың дамуына баға берілген, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың жаңа сыртқы саяси бастамаларының екіжақты қарым-қатынастарға тигізер әсері туралы баяндалған. Авторлар мақалада 2000 жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі екіжақты экономикалық қатынастардың қысқаша эволюциясын ашып көрсеткен. Авторлар Өзбекстанның бірінші басшысы Ислам Каримов және Өзбекстанның қазіргі Президенті Шавкат Мирзиеевтың саясатын салыстыра отырып, бұл кезеңде Орталық Азиялық интеграцияның даму деңгейін сипаттаған. Авторлардың пайымдауынша, Қазақстанның Өзбекстанға болған қарым-қатынасы әрқашан ашық сипатта болып, интеграцияға бағытталған. Алайда, Өзбекстанның акциздік саясаты, Каримовтың жүргізген саясатының нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік, достық сипатында болып, өзара сауданың көлемі баяу дамыды. Мысалы, Каримов басшылығында 2000 жылдары екі елдің жылдық тауар айналымы 295,4 млн долларды құраған болса, 2021 жылы Мирзиеевтың бастамасымен 1 қаңтардан бастап Өзбекстан тасымалданатын тауарларға қатысты акциздерді қолдануды тоқтатқаннан кейін 4 айдың ішінде қаңтар-сәуір айларындағы екіжақты тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады. Бұл 2000 жылдармен салыстырғанда шамамен 12 есеге көп. Авторлар тек екіжақты сауда айналымының динамикасын ғана емес, қазіргі кезеңдегі жүзеге асырылып жатқан екіжақты бірлескен жобаларды, көлік-логистика саласындағы жетістектерді оң бағалайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Journal of Central Asian Studies
Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.