ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АМЕРИКАНДЫҚ ЖҰМСАҚ КҮШТІҢ ПРОЕКЦИЯСЫ

Авторлар


  • Әйгерім Бахтиярова Автор
  • Санат Көшкімбаев Автор

DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2022-1.01

Кілт сөздер:

жұмсақ күш, либералды әлемдік тәртіп, азаматтық қоғам, элита, мәдениет, білім, бизнес, қазақстандық жастар

Аңдатпа

Джозеф Найдың “жұмсақ күш” саясатына сыни көзқарастардың басымдылығына қарамастан, бүгінгі таңда американдық саясаткерлер аталмыш концепцияны әлемге әсер етудің таптырмас құралы ретінде қарастыруда. “Жұмсақ күштің” маңыздылығы мен өзектілігі Америка Құрама Штаттарының жаһандық стратегиясында мемлекеттерді батыс құндылықтары мен әлемдік тәртіптің либералды моделін ұстануға итермелеу қабілеті тұрғысынан көрсетілген. Өз кезегінде либералдық құндылықтардың Қазақстанға ықпалы туралы бұлыңғыр түсінік авторларды жоғарыда аталған тақырыптың сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеуге итермеледі. Қазақстанға қатысты АҚШ-тың жұмсақ күш құралдарын қолдануы әр алуан болып келеді, сол себепті авторлар зерттеуге қатысты сұрақтарды нақтылауға және эмпирикалық мәліметтерге негізделген жауаптарды табуға тырысты.  

Жүктеулер

Жарияланды

2022-04-05

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері