Иммигранттар Қазақстан азаматтарының көзімен: қабылдаушы қоғамның иммигранттардың денсаулығына қатынасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52536/3006-807X.2024-3.03

Кілт сөздер:

көші-қон, иммигранттар, тұлғааралық және топаралық қабылдау, ұстанымдар, қоғамдық денсаулық сақтау

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан азаматтарының иммигранттар арасындағы денсаулық мәселелеріне қарым-қатынасы қарастырылады. 2023 жылы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен іріктеу (N=401) жиналды. Зерттеу нәтижелері бойынша (1) әйелдерге қарағанда ер адамдар мигранттар туралы жаңалықтарға көбірек көңіл бөлетіні анықталды, (2) жасы мен білім деңгейі мигранттар туралы жаңалықтарды көрумен байланысты емес. (3) Қазақстан азаматтарының эмиграцияға дайындығы жасына теріс байланысты болды, бірақ олардың білім деңгейімен, сондай-ақ көші-қон туралы жаңалықтарды көру жиілігімен оң корреляцияланды. (4) Консервативті идеологиялық бағыты мен либералды экономикалық көзқарасы бар адамдар көші-қон туралы жаңалықтарды жиі бақылап отырды. (5) Иммигранттардың денсаулығына деген көзқарасы әртүрлі болды: олардың көпшілігі денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуді қолдады. Сонымен қатар, иммигранттар қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді ме деген пікірлер екіге бөлінді. (6) Әлеуметтік - демографиялық факторлар, мысалы: тіл, жыныс, шетелде тұру тәжірибесі және идеологиялық бағдар-иммигранттардың денсаулығына деген көзқарасқа әсер етті. Осылайша, азаматтардың иммигранттардың денсаулығы мәселелеріне күрделі көзқарасын түсіну интеграцияға ықпал ететін және иммигранттардың да, қабылдаушы Қазақстан халқының да әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын мақсатты іс-шаралар мен саясатты әзірлеу үшін маңызды.

Автор өмірбаяндары

  • Айдос Болатов, М.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

    MD, M. Narikbayev KAZGUU University (Kazakhstan)

    Astana Medical University (Kazakhstan)

    Shenzhen University (China)

  • Әділ Сәмекин, М.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

    Associate Professor, M. Narikbayev KAZGUU University (Kazakhstan)

     

  • Назым Бозымбаева, М.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

    Master student, Research Assistant, M. Narikbayev KAZGUU University (Kazakhstan)

     

     

  • Асылхан Болатов, М.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

    MA, M. Narikbayev KAZGUU University

     

     

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері