K-ПОП КОРЕЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒАДАҒЫ «ЖҰМСАҚ КҮШІНІҢ» НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Ainamkoz Bakytzhanova Автор
  • Lazzat Tuleshova Автор

DOI:

https://doi.org/10.52536/2788-5909.2023-4.02

Кілт сөздер:

K-pop корейлік танымал мәдениет жұмсақ күш Орталық Азия Оңтүстік Корея

Аңдатпа

Корея Республикасы әлемдік экономикада жетекші рөлдердің бірін атқаратын және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Оңтүстік Кореяның жетістігінің негізгі элементтерінің бірі ретінде көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде «жұмсақ күш» ұғымын атайды. Корея Республикасының қазіргі заманғы «жұмсақ күш» саясатының стратегиясы дәстүрлі мәдени құндылықтар мен поп-мәдениетті таратуға негізделген. Оңтүстік Корея мәдениетінің «жұмсақ күшіне» үлкен мән береді, бұл оның оң имиджін қалыптастыруға және әлемдік аренада өзінің оңтүстік кореялық тартымды брендін құруға көмектесуде.

Осы жұмыстың басты бағыты корейлік мәдениеттің мәні мен оның Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылуын зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес, бұл зерттеу алдымен корейлік поп мәдениеттің пайда болуы мен таралуын, және оның алып келген өзгерістерін зерттейді. Әрі қарай, оның Орталық Азияға әсері түрлі тұрғыдан қарастырылады.

Жарияланды

2024-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері