Хабарландыру
Қазіргі уақытта 2022 жылдың 1-ші шығарылымына мақалалар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақалалар 1 ақпанға дейін қазақ және орыс тілдерінде қабылданады (қажет болған жағдайда редакция аударуды өз мойнына алады). Қолжазбалар мен ілеспе хатты веб-сайттағы «Материалдарды жіберу» бөліміне жүктелуі керек: http://journal-caa.kisi.kz/index.php/caa/about/submissions. Қолжазба журналдың сайтында сипатталған талаптарға сәйкес жасалуы тиіс: http://journal-caa.kisi.kz/index.php/caa/for-authors.
Құрметті оқырмандар мен авторларға «Central Asia’s Affairs» журналы «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгенін еске саламыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіретін журналдарға қойылатын талаптарға байланысты жарияланатын мақалалар үшін ДОІ (Объектілердің сандық индентификаторының) бар болуы, сондай-ақ мақала авторларын CrossRef (библиографиялық сілтемелердің халықаралық жүйесі) мәліметтер базасына тіркеу қажет.
Авторлар мақалалары рецензиялаудан өтіп, басуға қабылданған жағдайда төменде көрсетілген соманы ДОІ тағайындауға өкілетті Металлургия және байыту институтына төлеулері қажет:
- ДОІ тағайындау үшін (бір мақалаға бір ДОІ) – 2000 теңге.
- Мақала авторларын CrossRef мәліметтер базасына тіркеу үшін – әр авторға – 2000 теңге.
Мысалы: Егер мақалада 2 соавтор болса 6000 теңге төлену керек, оның ішінде: ДОІ үшін 2000 теңге және авторларды CrossRef мәліметтер базасына тіркеу үшін 4000 теңге (2*2000).
Құрметпен редакция
Реквизиттер:
АО «Институт металлургии и обогащения»
(г.Алматы, ул.Шевченко уг. ул.Валиханова 29/133)
РНН 600900578227;
БИН 070 740 005 957;
БИК KC JB KZ KX,
АО БанкЦентркредит»; КБе 16
Внебюджетный счет KZ428562203104701892 – для авторов РК;
Валютный счет USD KZ308562203204701930 – для зарубежных авторов
Құрметті оқырмандар! Сіздерден өзекті мәселелер бойынша қызықты материалдар күтеміз!